Инсульт алған павлодарлық карантинге жабылған үйде екі сағат көмек күтті

0
701

Павлодар тұрғыны медина қызметкерлері мен құтқарушылар карантинге жабылған үйге кіргенге дейін қансырап жатты


Инсульт алған павлодарлық карантинге жабылған үйде екі сағат көмек күтті

ERNUR.KZ. Павлодардың 58 жастағы тұрғыны инсульт алған. Алайда жедел жәрдем бригадасы мен құтқарушылар карантинге жабылған үйге екі сағат бойы кіре алмады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Көршілері есік ашпаған соң тұрғындар дабыл қаққан.
Пәтерге кіру үшін дәрігерлер мен құтқарушыларға шұғыл штабтың шешімін күтуге тура келді. Осы уақытта ер адам қансырап жатты. Көршілерінің айтуынша, ол батареяға басын соғып алып, есінен танып қалған.
Денсаулық сақтау басқармасы ер адамның жағдайы ауыр екенін хабарлады. Ол комаға түскен.
"Оқиғаға байланысты Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеріс жүргізеді. Науқастың жағдайы денсаулық сақтау басқармасының жеке бақылауында. Біз қажетті шараларды қолданамыз", - деді басқармада.
Оқиғаның мән-жайын арнайы комиссия анықтап жатыр.
Соңғы ақпаратқа сәйакес, Павлодар облысында 127 адам коронавирус жұқтырған.