Ірі мұнай компаниялары Қазақстан үкіметін сотқа берді – Bloomberg

0
601

Бұған дейін Қазақстан Қашаған мұнай кенішінің операторы North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясынан қоршаған ортаны қорғау үшін шамамен 2,3 триллион теңге айыппұл өндіру туралы сотқа шағым түсірген болатын.


Ірі мұнай компаниялары Қазақстан үкіметін сотқа берді – Bloomberg

ERNUR.KZ. Ірі мұнай компаниялары Қазақстан үкіметін сотқа берді, деп жазады stan.kz.

Bloomberg хабарлауынша, екі ірі мұнай кен орны (Қарашығанақ және Қашаған) рұқсат етілмеген шығындар бойынша айыптауларға байланысты төрелік сотта үкіметтен талап арыз алған. Оның ішінде үкімет жобалар бойынша серіктестер Қашаған бойынша $13 млрд және Қарашығанақ бойынша $3,5 млрд мөлшерінде шығындарды шегермеуі тиіс деп мәлімдеді.

"Наурызда Үкімет Женева мен Стокгольмдегі Қашаған мен Қарашығанақ істерін қадағалау үшін төрешілерді тағайындады. Дереккөздердің айтуынша, компаниялар өз төрешілерін әлі тағайындаған жоқ", - деп жазады басылым.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Қашаған мұнай кенішінің операторы North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясынан қоршаған ортаны қорғау үшін шамамен 2,3 триллион теңге айыппұл өндіру туралы сотқа шағым түсірген болатын.

ҚР Экология министрлігі айыппұл көлемін сот анықтау керектігін атап өткен.

Түскен арыз Қашаған үшін 2010 жылдан 2018 жылға дейінгі және Қарашығанақ үшін 2010 жылдан 2019 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл істерге компаниялардың екі жобада да тендерлік рәсімдерді бұзғаны, сондай-ақ Қашағандағы мердігерлердің жұмысын толық көлемде орындамағаны туралы мәлімдемелер кіреді.