"Ирина Қайратовна" тобының мобилографының қайтыс болуына не себеп

0
1 352


ERNUR.KZ. Марқұмның денесі 14 қазан күні Сот сараптамасы институтына жеткізілді, деп жазады inbusiness.kz.

"14 қазанда Жылқайдар Шахназдың денесі сот-медициналық сараптама жұмыстарын жүргізу үшін Сот сараптама институтына жеткізілді. Өлімнің алдын ала себебі — жедел геморрагиялық панкреонекроз. Өлімнің нақты себебі токсикологиялық зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін белгілі болады. Зерттеу жұмыстары екі аптаға дейін жүргізіледі", - делінген Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметте.

Еске салайық, "Ирина Қайратовна" тобының Астанадағы концерті кезінде мобилограф ес-түссіз құлап қалған болатын. Медицина мамандары оның қайтыс болғанын мәлімдегеннен кейін концерт тоқтатылды.