Семейдегі құқық қорғау органы қызметкелеріне арналған колонияда төбелес болып, сотталушылардың бірі қаза тапқан еді.
ERNUR.KZ. Аталған оқиғаның мәнжайын ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха баяндап берді, деп жазады stan.kz.
"Иә, онда (Абай облысындағы бұрынғы орган қызметкерлері отыратын түрмеде) ршынымен кісі өлімі болды. Ол (жазасын өтеуші) пышақты ұштағышпен өзі жасап алған. Өкінішке орай, бұл қызметкерлердің салғырттығы. Бейнебақылау камераларын қарап шықтық. Сол сәтте онда екі адам ғана болған, бөтен ешкім жоқ. Екеуі де – жазасын өтеуші, бірақ камералас емес. Оқиға күндіз болған. Басқа егжей-тегжейін айта алмаймын", – деді Игорь Лепеха.
Айтуынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, мекеме қызметкерлері жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ колонияда тексеру жалғасуда.
Айта кетейік, Семейдегі құқық қорғау органы қызметкелеріне арналған колонияда төбелес болып, сотталушылардың бірі қаза тапқан еді. Кісі өлтіру оқиғасы 2023 жылдың 5 қазанында болған. Екі сотталушы төбелесіп, салдарынан ауыр жарақат алған сотталушы оқиға орнында көз жұмған.