Аумағы 5 мың шаршы метрден асатын бұл қонақ үй кешенінің жылдық айналымы 900 млн теңгеге жуық.
ERNUR.KZ. Қонақ үй кешенінің құны 1,4 млрд теңгеден асады, деп жазады ulysmedia.kz.
ҚМА хабарлауында, мергеумен ерікті ынтымақтастық аясында Қайрат Боранбаевтың мүлкін мемлекетке қайтару шараларын қабылданып жатыр.
«Боранбаевтың компаниялары Мемлекеттік мүлік комитетіне жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдер берді. Аумағы 5 мың шаршы метрден асатын бұл қонақ үй кешенінің жылдық айналымы 900 млн теңгеге жуық», - делінген хабарламада.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл нысанды демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастырумен әлеуметтік мақсатта пайдалану жоспарланып отыр.