2022 жылдың 21 желтоқсанына дейін ұзартылды.
ERNUR.KZ. Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 21 желтоқсанға дейін ұзартты, деп жазады inbusiness.kz.
"2022 жылы 17 қарашада сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни 2022 жылдың 21 желтоқсанына дейін", - делінген сот хабарламасында.
Айта кетсек, 24 сәуір күні сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген болатын.