Елордалық сотта 2023 жылдың қараша айында екі тарап арасында ауызша келісім жасалғаны айтылды.
ERNUR.KZ. Астана сотының азаматтық алқасы әнші Қайрат Нұртас пен оның продюсеріне шағымданған кәсіпкердің арызын қанағаттандырмады, деп жазады stan.kz.
Елордалық сотта 2023 жылдың қараша айында екі тарап арасында ауызша келісім жасалғаны айтылды. Яғни әнші Атырау қаласында жаңа жылдық корпоративте өнер көрсететін болған. Кәсіпкер (талапкер) алдын-ала төлем ретінде 1000 доллар аударған.
"Instagram әлеуметтік желісінде 2023 жылдың 30 қарашасында әншінің Атырауда өнер көрсеткені белгілі болды. Алайда кәсіпкер іс-шаралар арасындағы шамалы айырмашылыққа қарамастан, әртістің бұл келуін маңызды санамаған. Бірінші сатыдағы сот екі арадағы шарттың болмауына байланысты талапты қанағаттандырудан бас тартты. Осылайша, тараптардың құқықтары мен міндеттерін көздейтін елеулі жағдайлар анықталмаған. Бұл ретте талапкер қойлған міндетті бұзу әрекеті болмағанын жоққа шығармады", - делінген Астана сотының хабарламасында.
Таратылған хабарламада айтылғандай, соттың бұл тұжырымдары азаматтық кодекстің 153-бабының талаптарына сәйкес келеді. Яғни мұнда мәміле жазбаша жасалмай кейін дау туындаса, тараптар оның жасалғанын, айғақтардың орындалғанын растау құқығынан айырады.
"Астана сотының азаматтық алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімі өзгеріссіз қалдырылды", - делінген Астана сотының хабарламасында.