Қандастардың ДНҚ құрамында қазақ геномы бар-жоғы тексеріледі

0
703

ОКҚ брифингі кезінде журналистер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаевтан әкімдік жанындағы комиссия қандастардың ұлтын қалай анықтайды деген сұрақ қойды.


Қандастардың ДНҚ құрамында қазақ геномы бар-жоғы тексеріледі

ERNUR.KZ. Қазақстанға оралған азаматтардың қан құрамында "қазақ геномы" бар-жоғы тексерілуі мүмкін. “Қандас” дәрежесіне үміткерлерде ұлты көрсетілген құжат болмаса, ал әкімдікте қандай да бір күмән туындаса, сараптама тағайындалады, деп жазады stan.kz.

ОКҚ брифингі кезінде журналистер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаевтан әкімдік жанындағы комиссия қандастардың ұлтын қалай анықтайды деген сұрақ қойды.

"Комиссия құрамына жұмыспен қамту, білім беру, ішкі саясат және ішкі істер басқармаларының, ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері кіреді. Одан бөлек, ұлтты айқындау саласындағы профессорлар мен сарапшылар қатысады. Олар ұлтын растай алмаған әр азаматтың өтінішін ұжым болып қарап, оған қандас дәрежесін беруге бола ма деген мәселені шешеді", – деп түсіндірді Ертаев.

Сондай-ақ шенеунік комиссияның жұмыс функциялары, азаматтармен сұхбаттасу тәртібі, яғни өз ұлтын растай алмайтын адамға қандай сұрақтар қоюға болатыны туралы ережелер әзірленгенін атап өтті.

"Комиссияда қандай да бір күмән туындаған жағдайда геномдық сараптама жүргізу қарастырылған. Сараптама арқылы азаматтың қазақ ұлтына қатысы бар-жоғы анықталады", – дейді ол.

Бұған дейін Ғалиасқар Сарыбаев сенаттың жалпы отырысында қандастарымыз ұлты қазақ екенін дәлелдей алмай жүр деп айтқан еді.