Қара бастың қамы үшін жасалған жоқ – Тоқаев жаңа агенттік туралы

0
1 512

Мемлекет басшысы жаңа агенттік алға қойылған міндеттерді шешуге арналған негізгі құрал екенін айтты.


Қара бастың қамы үшін жасалған жоқ – Тоқаев жаңа агенттік туралы

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында айтты, деп жазады baq.kz.

Тоқаевтың айтуынша, Ұлттық кеңесте бәтуаға келу қайраты мен өткір мәселелерге деген сындарлы көзқарас орныққан. Бұл – біздің қоғамдағы өзара пікір алмасу мәдениетінің айқын көрсеткіші, әрі еліміздің тұрақты дамуының маңызды факторы.

Індеттен туындаған дағдарыс пен әлемдегі күрделі ахуал кезінде еліміздің ары қарай қарқынды дамуы үшін жаңа тәсіл, тың серпін қажет. Биылғы Жолдауда барлық мәселені ашық айтып, оны шешудің нақты жолдарын ұсындым. Мемлекеттік басқаруды күшейтудің тиімділігін күшейтудің идеясы Жолдаудың негізгі мәселесі. Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау – өз алдына кең ауқымды міндет. Барлық реформаның қайнар көзі. Біз бұл реформаны мемлекеттік жоспарлау жүйесін қайта құру ісінен бастауды шештік. Осы мақсатта Стратегиялық жоспарлау мен реформалар агенттігі құрылды. Сондай-ақ агенттік өз жұмысын бастап та кетті. Бірақ мына мәселені түсуінуіміз керек – бұл құрылым қара бастың қамы үшін жасалған жоқ, - деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жаңа агенттік алға қойылған міндеттерді шешуге арналған негізгі құрал екенін айтты. Сондай-ақ ол реформаларды үлестіретін маңызды құрылым.