10 қазан күні тоғыз қабатты мейрамхананың шатырына орнатылған аттракционда 25 метр биіктіктен секірген әйел көз жұмды.
ERNUR.KZ. Қарағандыда әйел өлімі болған аттракционның нұсқаушысы қамауға алынды, деп жазады ҚазАқпарат.
«Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу соты аттракционның нұсқаушысын екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді», - деп делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, 10 қазан күні тоғыз қабатты мейрамхананың шатырына орнатылған аттракционда
Бір күннен кейін полиция аттракционның нұсқаушысын ұстаған болатын. Күдіктіге қатысты тексеру жүргізілді.