Көліктер суда қалған, ұсақ малдың да суға кету қаупі бар.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысында нөсер жауын салдарынан Осакаров ауданы Сенокосное ауылының аулалары мен үйлерін су басады, деп жазады sputnik.kz.
Мамандар ауылға суды сору техникасымен барды, деп хабарлайды @patriot_patriot.
Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, нөсер жаңбырдың салдарынан су тасқыны болған.
"Халыққа көмек көрсету үшін Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің күштері су айдау техникасымен жерге жіберілді", - деп атап өтті ведомствода.