Қарағанды облысында полиция ұрланған "қалыңдықты" құтқарды

0
781

14-ке жуық азамат 18 жастағы қызды көлікке сүйреп мінгізген.


Қарағанды облысында полиция ұрланған

ERNUR.KZ. Қостанай облысы Саран қаласында полиция қызметкерлері 18 жастағы қызды ұрлаудың алдын алды, деп жазады Stan.kz.

Оқиға 9 тамыз, жексенбі күні болған. Полицияға қала маңындағы елді мекендердің бірінде 14-ке жуық белгісіз азамат 18 жастағы қызды еркінен тыс көлікке сүйреп кіргізіп, белгісіз бағытқа кеткені туралы хабар келіп түсті.

Ұрлаушының көлігіне іздеу жарияланды және көп ұзамай ұсталды. "Қалыңдықты" ұрлаушысы 23 жастағы жігіт болып шықты. Қыз ұсыныстан бас тартқан соң, оны күштеп әкетуге шешім қабылдаған.

Енді оған қатысты ҚР ҚК-нің 126-бабы "бас бостандығынан заңсыз айыру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.