Қарағанды облысының тұрғындары ауруханаларға бір тонна қымыз жеткізді

0
928

Бұл сусындар иммунитетке пайдалы саналады.


Қарағанды облысының тұрғындары ауруханаларға бір тонна қымыз жеткізді

ERNUR.KZ. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының тұрғындары бір тоннаға жуық қымыз бен саумал жинап, ауданның және Жезқазған қаласының медициналық мекемелеріне тапсырды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Жаңаарқа ауданының тұрғындары ерекше акция ұйымдастырып, өңірдегі медицина мекемелерінің пациенттері мен медицина қызметкерлеріне қымыз бен саумал жинады. Бұл сусындар иммунитетке пайдалы саналады. Жаңаарқалықтар бұл қайырымдылық шарасын әрі қарай жалғастырып, өңірдің ауруханаларын сүт өнімдерімен тегін қамтамасыз етуге дайын екенін айтты.

"Қазіргі әлемде, елде болып жатқан жайтты көре отырып Жаңаарқа жастарының бастауымен ауыл-ауылды аралап, емге шипа болатын емдік қасиеті бар қымызды, ем алып жатқан азамат азаматшаларға жеткізіп, азда болсын өз үлесін қосып жатыр және бұл тек Жаңаарқа ауданымен шектелмейді, Алла қаласа қымызды барлық емханаға жеткізу басты мақсат болып тұр", - дейді жаңаарқалықтар.

Сондай-ақ, медициналық құралдармен науқастарды қамтамасыз ету үшін адамдар оттегі баллондары мен аппараттарын сатып алуға ақша жинап жатыр. Онымен блогерлер мен журналистер айналысып жүр.

Айта кетейік, Қарағанды облысында 12 шілдедегі жағдай бойынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған 6244 науқас тіркелген.