Қарағанды тұрғындары шыршаларын зообаққа тапсырып жатыр

0
739

Жаңажылдық мерекеден кейін адамдар шыршаларды екінші рет қолдану үшін хайуанаттар бағына әкеледі.


Қарағанды тұрғындары шыршаларын зообаққа тапсырып жатыр

ERNUR.KZ. Қарағанды қаласының тұрғындары жаңажылдық шыршаларын зообақтағы жануарларға төсеніш ретінде қолдануға тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

"Қылқан жапырақты ағаштар аязда жылынуға көмектеседі", - дейді зообақ мамандары.

Зообақ мамандарының айуынша, бұл акция жылдан жылға жалғасын тауып келеді. Шыршалар қысқа төзімді аюлар мен құстардың қоршауына қолданылған. Сонымен қатар бұл ағаштар вольерлер ортасын байыту үшін де пайдаланылады. Өткен жылы қала тұрғындары бес жүзден астам жасыл шырша жеткізген.

"Биыл одан көп болады деп сенеміз, өйткені қазірдің өзінде екі жүзден астам шырша тапсырылды", - дейді хайуанаттар бағының қызметкерлері.

"Жаңажылдық мерекеден кейін көбісі шыршаларды далаға лақтырып тастайды,сондықтан қоқысқа тастамау үшін оны екінші рет қолдану үшін біздің хайуанаттар бағына әкеледі. Бұл бізге өте пайдалы, шыршаларды жануарлардың астына төсеніш ретінде қоямыз. Жаңадан келген заттарға жануарлар әрқашан қуанады, олар ойнайды, оның сыртқы қабығын алады. Айтып кететін бір мәселе, шыршыларды тазартып, алып келсе деп ойлаймыз", - дейді биолог Ербол Байжанов.