Қарағанды тұрғыны жалған құжат сатып алғаны үшін 80 сағат қала көшелерін сыпырады

0
460

Қала кәсіпорындарының бірінде 27 жастағы ер адам отбасы жағдайына байланысты үш күн демалысқа шығуы керек болған.


Қарағанды тұрғыны жалған құжат сатып алғаны үшін 80 сағат қала көшелерін сыпырады

ERNUR.KZ. Қарағандыда еңбекке жарамсыздық туралы жалған құжат сатып алған ер адамның өтірігі шығып, сот үкімімен 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қала кәсіпорындарының бірінде 27 жастағы ер адам отбасы жағдайына байланысты үш күн демалысқа шығуы керек болған.

Жігіт көп ойланбастан осы аралықта «ауырып қалуды» шешкен.

Барлығы ресми болуы үшін ол белгісіз адамдардан 4000 теңгеге еңбекке жарамсыздық парағын сатып алып, кадр бөліміне апарып берген.

Кәсіпорын мамандары қызметкердің ауырғаны туралы парақтың жалған екенін анықтап, бұл жайында полицияға хабарлаған.

«Аталған факті бойынша қызметкерге қатысты ҚР ҚК 385-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді, сот 80 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту түрінде жаза тағайындады», - деп хабарлады Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

Жауапкершілікке тартылған ер адам қазір жазасын өтеп жатыр. Сотталушы ашық-қызғылт кеудеше киіп, қала көшелерін сыпыра бастады.