Қарағандыда ауруханада жатқан науқастар тірідей өртеніп кете жаздады

0
1 335

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталу үстінде.


Қарағандыда ауруханада жатқан науқастар тірідей өртеніп кете жаздады

ERNUR.KZ. Қарағандыда облыстық травматология және ортопедия орталығында өрт шықты, деп жазады Elitar.kz.

Өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте мейірбике бөлмесіндегі жиһаз, заттар, терезе блогы, тұрмыстық техника, ағаш қабырғалар жанған. Өртке оранған аумақ 20 шаршы метрді құраған.

Төтенше жағдай қызметкерлері 22 науқас пен 3 медицина қызметкерін алып шықты. Өрт шыққан ауруханада 50-ден астам құтқарушы жұмыс істеп, отты 1 сағат ішінде жойды. 11 техника жұмылдырылған.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталу үстінде.