Қарағандыда газ жарылып ер адам көз жұмды

0
374

Үйден 10 адам эвакуацияланды.


Қарағандыда газ жарылып ер адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Қарағанды қаласының орталығында газ-ауа қоспасы жарылып, ер адам қаза тапты, деп жазады ҚазАқпарат.

1 маусым күні сағат 19:57-де Қарағанды қаласы Гоголь көшесіндегі бес қабатты үйде газ-ауа қоспасы жарылған.


«Оқиғадан 2 бөлмелі пәтердің тірек конструкциялары бұзылмаған, бірақ ішкі бөлікке зақым келген. Оқиға орнында ер адамның мәйіті табылды. Оның жеке бас анықталуда», - деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Үйден 10 адам эвакуацияланды.

Оқиғаны тергеумен полиция органдары айналысатын болады.

Қарағанды облысының ТЖД газ жабдықтарының алдын алу және жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізу қажеттігін ескертеді. Тек білікті мамандарға хабарласу қажет. Ақауы бар жабдықты пайдаланудың соңы қайғылы жағдайға әкеліп соғуы мүмкін.