Қарағандыда қазақ және шетел жұмысшылары арасында қақтығыс болды (ВИДЕО)

0
1 295

Оқиға Жәйрем ауылында болған.


Қарағандыда қазақ және шетел жұмысшылары арасында қақтығыс болды (ВИДЕО)

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында жергілікті және шетелден келген жұмысшылар арасында жанжал шықты, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл оқиға 12 тамызда Жәйрем ауылында болған. Жанжал салдарынан кен-байыту комбинатының бірнеше шетелдік жұмысшысы жеңіл жарақаттар алған. Оларға медициналық көмек көрсетілді.

Бұл жағдайды реттеу үшін оқиға орнына Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов барды. Өңір басшысы жергілікті тұрғындармен және комбинат жұмысшыларымен кездесті.

"Кездесу нәтижесі бойынша жағдай реттелді. Ауылдағы жағдай бірқалыпты, облыс әкімінің бақылауында", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер. Жанжалдың себебі әзірше белгісіз.