Жалын шарпыған кезде автобуста 15 жолаушы болған.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тасжолының 27-шақырымында жолаушылар автобусының мотор бөлшегі жанды, деп жазады inform.kz.
Жалын шарпыған кезде автобуста 15 жолаушы болған, оның ішінде 7 бала көліктен өз бетінше шыққан.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің алдын ала себебі — электр сымының қысқа тұйықталуы.