Карантин аяқталғанша Көлсайға ешкім жіберілмейді

0
635

Табиғи паркке кіруге 2 тамызға дейін тыйым салынды.


Карантин аяқталғанша Көлсайға ешкім жіберілмейді

ERNUR.KZ. Алматы облысындағы Көлсай көлдері карантин режимі аяқталғанға дейін жабық болады, деп жазады zakon.kz.


"Алматы облысы Кеген ауданының бас санитар дәрігерінің 21 шілдедені қаулысына сәйкес, 23 шілде сағат 00:00-ден бастап 2 тамызға дейін "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында кіруге тыйым салынған", делінген облыстық әкімдіктің хабарламасында.

Бұған дейін карантин режимі аяқталғанға дейін ұлттық парктерге, танымал туристік нысандарға (Медеу, Бутаковка, Алма-Арасан) кіруге тыйым салынғаны хабарланған.