Карантин шектеулеріне қарамастан ең көп той өткізген өңірлер белгілі болды

0
512

2020 жылдың 5 шілдесінен бастап осы уақытқа дейін карантин кезіндегі тыйымға қарамастан той, еске алу шараларын өткізу бойынша 1110 құқық бұзушылық тіркелген.


Карантин шектеулеріне қарамастан ең көп той өткізген өңірлер белгілі болды

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі карантиндік шектеулерге қарамастан ең көп той өткен өңірлерді жариялады, деп жазады ҚазАқпарат.

Министрлік 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап осы уақытқа дейін карантин кезіндегі тыйымға қарамастан той, еске алу шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) өткізу бойынша 1110 құқық бұзушылық тіркелгенін хабарлайды.


«Карантин шектеулеріне қарамай ең көп той, еске алу шаралары (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) өткізген Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары», - деп жауап берді министрліктен.


Еске сала кетсек елде коронавирус жұқтырған азаматтардың саны тәулік бойынша азайғанымен, кейбір карантин шектеулері күшінде қалып отыр. Мәселен өткен аптада ғана екі облыста коронавирус табылған мектептер мен балабақшалар карантинге жабылған болатын.