Қаржы министрі өзі басқарып отырған ведомствода жемқорлар неге көп екенін түсіндірді

0
545

Бұған дейін Ranking.kz жемқорларға "бай" министрліктерді атаған еді.


Қаржы министрі өзі басқарып отырған ведомствода жемқорлар неге көп екенін түсіндірді

ERNUR.KZ. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өзі басқаратын ведомствода жемқорлық қылмысы неге көп екенін түсіндіп берді, деп жазады stan.kz.

Бұған дейін Ranking.kz жемқорларға "бай" министрліктерді атаған еді. Осы жылдың сегіз айында қаржы министрлігінің 111 қызметкері сыбайлас жемқорлық үшін ұсталған.

Антилидерлердің көшін қаржы министрлігі бастап тұр: 33 қызметкер жемқорлыққа барған. Жылдық өсім - 6,5%. Бүгін үкімет кулуарында журналистер Жамаубаевтан қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлыққа неге жиі баратынын сұрады.

Ерұлан Жамаубаев мұндай статистика ешкімге абырой әкелмейтінін айтып, атқарылып жатқан шараларға да тоқталды.

"Біріншіден, бұл жөнінде тиісті ескертулер жасалды. Қазір бүкіл өңірлермен жұмыс атқарылып жатыр. Әрине, бұл статистика ешкімге жақсылық әкелмейді. Бірақ айналып келгенде кешенді түрде жұмыстар жүргізіп жатырмыз”, – деді ол.

Министрдің сөзінше, жалпы әкімшілік қызметте істейтін министрліктердің ішінде қаржы министрлігі ең үлкені.

“Яғни құқық қорғау органдарын алмайтын болсақ, Қаржы министрлігінің қызметкерлері бүкіл мемлекет қызметкерлерінің 25 пайызын құрайды. Сол статисканы өздеріңіз адам басына шағып қарасаңыздар, біз бірінші орында тұрамыз", - деді вице-премьер.