«Kaspi-жұма» мен «0-0-24» тұжырымы зерттеліп жатыр — ҰБ

0
872

«Kaspi-жұма» жарнамасы табанды, бірақ агрессияшыл емес.


«Kaspi-жұма» мен «0-0-24» тұжырымы зерттеліп жатыр — ҰБ

ERNUR.KZ. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірлесіп, Kaspi Bank-тің бөліп төлеу жарнамасындағы «0-0-24» тұжырымын зерделеп жатыр. Ведомство мұндай тұжырым кезінде тұрғындарға оның шарттары жайлы толыққанды ақпарат берілуі тиіс деп санайды, деп жазады inform.kz.

«Жарнаманы реттеуге қатысты айтар болсақ, жарнама — бұл сауданың қозғаушы күші. Ал сауда — бұл экономиканың үлкен бөлігі. ЖІӨ-нің 17 пайызы — бұл сауда. Мүлдем шектеу ақылға қонымсыз болар еді. Дегенмен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің «0-0-24» стандартты цифры халық үшін толық жазылуына қатысты жоспары бар екендігін білеміз. Өйткені, 3 цифрды көрген кезде мән-жайын жете түсінбейсің, қаржылық сауаттылықтың мұндай деңгейі жоқ. Әрине, содан кейін шамаң жетпейтін шешімді қабылдауың мүмкін. Осы орайда біз шешім қабылдауға қатысамыз, көмектесеміз. Меніңше, тыйым салуға болмайды. Бірақ, адамдар не істеп жатқанын, шарттары қандай екенін, ол үшін қандай төлем жасайтындығын білуі үшін ашықтық қажет», — деді Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов елордада өткен брифингте.


Оның пайымынша, «Kaspi-жұма» жарнамасы табанды, бірақ агрессияшыл емес. Таңдау тұтынушының еркінде.

Жалпы, Тимур Сүлейменовтің пайымынша, тұтынушылық несие нарығы, кепілсіз тұтынушылық нарық қосымша реттеуді қажет етеді.