Каспий теңізінің жағасында 17 өлі итбалық табылды

0
1 813

Теңіз жануарларының өліміне Каспий теңізіне төгілген тазартылмаған ағынды сулар әсер еткен болуы мүмкін.


Каспий теңізінің жағасында 17 өлі итбалық табылды

ERNUR.KZ. Дағыстанның табиғатты қорғау прокуратурасы Каспий теңізінің жағасында өлі итбалықтардың табылғаны туралы ақпаратты тексеріп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.


«Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Дағыстанда Каспий теңізінің жағасында 17 өлі итбалық табылғаны туралы ақпарат таралды. Табиғатты қорғау прокуратурасы ақпаратты тексеріп жатыр», – деп жазды агенттік прокуратураға сілтемемен.


«Каспий табиғатын қорғау орталығы» автономды коммерциялық емес ұйым директоры Заур Гапизовтың айтуынша, браконьерлер қытайдың ұсақкөзді пластикалық торларын пайдаланады. Итбалықтар соған түсіп, өліп қалады.


«Біз мұндай торлардың сатылыма тыйым салғымыз келеді», – дейді ол.


Заур Гапизов теңіз жануарларының өліміне, сондай-ақ, Каспий теңізіне төгілген тазартылмаған ағынды сулар да әсер ететінін айтады