Қасым-Жомарт Тоқаев: 2021 жылдан «Аңсаған сәби» жобасын іске қосуды тапсырамын

0
891

Мемлекет басшысы ЭКО бағдарламасы бойынша квота санын 7 мыңға дейін, яғни жеті есе көбейту қажет екенін айтты.


Қасым-Жомарт Тоқаев: 2021 жылдан «Аңсаған сәби» жобасын іске қосуды тапсырамын

Қазақстанда бала сүйе алмай жүрген отбасылар үшін "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Елдің отбасылық-демографиялық жағдайы үлкен алаңдаушылық тудырады. Өкінішке қарай, Қазақстанда әр алтыншы отбасы бала сүйе алмайды. Әлеуметтік сауалнама көрсеткендей, қазақстандықтардың 20 проценті мұны ажырасудың басты себебі деп санайды. Біріккен ұлттар ұйымының Қазақстан халқының өсуіне қатысты болжамы көңіл көншітпейді", - деді мемлекет басшысы.


Осыған байланысты ол үкіметке 2021 жылдан бастап "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырды.

Сонымен қатар ЭКО бағдарламасы бойынша квота санын 7 мыңға дейін, яғни жеті есе көбейту қажет екенін айтты.