Тоқаев Парижде Франция президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға ресми сапармен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тоқаев Парижде Франция президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді.
Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады.
Сонымен қатар мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.