Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда коронавирустың тіркелуіне байланысты мәлімдеме жасады

0
1 056

Президент халықты сабырға шақырды.


Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда коронавирустың тіркелуіне байланысты мәлімдеме жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда коронавирустың тіркелуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Өкінішке қарай, коронавирус Қазақстанды да айналып өтпеді. Үкімет пен әкімдер өзіміздің және шетел азаматтарының қауіпсіздігі үшін айрықша шаралар қабылдауда. Жағдай толық бақылауда. Сабырлық танытып, жеке гигиенаны сақтау қажет. Арандатушылар жазаланады", - деп жазды Президент Twitter парақшасында.

Қазақстанда коронавирус инфекциясымен ауырып жатқан барлығы 6 адам бар. Нұр-Сұлтанда 2 жағдай, Алматыда 4 жағдай тіркелді.