Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстанда пандемияға байланысты қоғамдық іс-шаралар тоқтатылады

0
1 278

Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады.


Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстанда пандемияға байланысты қоғамдық іс-шаралар тоқтатылады

Қазақстанда коронавирус қаупіне байланысты қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

«ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс. Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды #Birge еңсереміз», - делінген хабарламада.