Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

0
1 322

Польша өз тәуелсіздігін 1918 жылы 1 қарашада алған болатын.


Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Фото: Aqorda

Мемлекет басшысы Польша Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуданы Польша Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

"Бүгінде Польша саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуда, халқының әл-ауқатын қамтамасыз етуде зор жетістіктерге жетті. Осы тұста еліңіздің әлемдегі мәртебесі одан әрі асқақтап, халқыңыздың ырыс-берекесі еселене беруіне тілектестігімді білдіремін. Біз Польшаны Қазақстанның Еуропадағы жақын серіктесі деп білеміз және достық пен өзара түсіністік рухындағы қарым-қатынастарымызды тереңдетуге ерекше мән береміз", – деп жазылған жеделхатта.

Польша өз тәуелсіздігін 1918 жылы 1 қарашада алды. Қазақстан бұл елмен дипломатиялық қатынасты 1992 жылы орнатты.