Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысады

0
614

Сессияға Армения премьер-министрі Никол Пашинян төрағалық етеді.


Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысады

ERNUR.KZ. 23 қарашада Ереванда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келеді деп күтілуде, деп жазады inbusiness.kz.

ҰҚШҰ сайтында айтылғандай, сессияға Армения премьер-министрі Никол Пашинян төрағалық етеді.

Шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысады делінген.

Сонымен қатар, отырысқа ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зас қатысады.