Қатарластарының денесіне мәжбүрлеп татуировка салдырған: Қазақстандық оқушы арнайы мектепте өзге балаларды мазақ еткен

0
186

​Шығыс Қазақстан облысындағы арнайы мектептің тәрбиеленушісі қатарластарына әлімжеттік жасап, мазақ еткен.


Қатарластарының денесіне мәжбүрлеп татуировка салдырған: Қазақстандық оқушы арнайы мектепте өзге балаларды мазақ еткен

ERNUR.KZ. Ол үше баланың денесіне өзінің Instagram парақшасының атауын татуировка етіп салдырған, деп жазады Stan.kz.


Бас прокуратураның мәліметінше, елімізде ерекше режимде ұстайтын бес білім беру ұйымы жұмыс істейді. Олар Алматы, Абай облысы, ШҚО, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында бар. Онда жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен 11-18 жас аралығындағы 300 "қиын мінез-құлықтағы" жасөспірімдер келеді.

Дегенмен Бас прокуратура бұл ұйымдардың құқық бұзушылықтың алдын алу әсері асыра бағаланғанын жеткізді. Себебі мұнда оқушылардың жиі қашуы, суицид әрекеттері, әлімжеттік әрекеттері мекеме қабырғасында да болып жатыр.

"Мәселен, ШҚО Серебрянск қаласының арнайы мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы К. ұзақ уақыт бойы басқа оқушыларға психологиялық қысым көрсетіп, қашуына түрткі болған. Сондай-ақ ол үш оқушыға Instagram парақшасының мекен-жайы жазылған татуировка салдырған", - деді прокурорлар.