"Қатыгездік деу де қорқынышты": Ақтауда хайуанаттар бағында жануарлар өлі табылды

0
644

Тасбақаның торсылдағын желімдеп қойған.


фотоколлаж: тengrinews.kz.

Ақтаудағы хайуанаттар бағына келушілер өлі қояндарды видеоға түсірді. Жануар қорғаушылар торларда тасбақалар мен аламандар да өлі екенін мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Instagram-дағы aktau_pets парақшасында жарияланған видеода еріктілер оқиға 16 мамырда "Ақбота" қалалық саябағында түсірілгенін айтады.

"Торда өлі қояндар жатыр, біреуі тірі. Біз оған шөп бердік. Тасбақаны аямапты, торсылдағын желімдеп қойған, ал өлі аламандар мен қояндар осы қорқынышты жердің маңындағы қоқыста жатыр. Мұны жануарларға қатыгездік көрсету деп айту да қорқынышты, бұл ойын-сауық үшін оларды өлтіру", - деп жазған видео авторы.

Еріктілер соңғы тірі қояндар мен қалған аламандарды алып кете алғанын хабарлады.