Қазақ мектептерінде әкелер ұйымы құрылады – маман

0
840

Оқыту семинарында Астана қаласындағы «Әкелер одағы» қоғамдық қорының төрағасы одақтың жұмысы мен мектеп қабырғасында әкелер ұйымы бой көтеретінін атап өтті.


Қазақ мектептерінде әкелер ұйымы құрылады – маман

ERNUR.KZ. Орта Азия елдерінің мамандары еліміздегі Әкелер одағының атқарған жұмыстарымен танысып, өз елдерінде де осындай ұйымның құрылғанын қалайтынын атап өтті, деп жазады baq.kz.

Оқыту семинарында Астана қаласындағы «Әкелер одағы» қоғамдық қорының төрағасы одақтың жұмысы мен мектеп қабырғасында әкелер ұйымы бой көтеретінін атап өтті.

Өзіміздің қоғамдық ұйым жайлы айта кетер болсам, Әкелер одағының негізгі мақсаты – бала тәрбиесі, балабақша, мектеп қабырғасында ер балалардың қоғамдағы рөлін айқындау. Біріншіден, кішкентай балдырғандардың ата-анасын, бауырлары мен әпке-қарындастарын сыйлау. Екіншіден, ертең отбасын құрған сәтте ер баланың алған жарына қамқорлық танытып, отбасына жауапты екендігін ұындырыу. Балаға кішкентай кезінен болашақтағы іс-әрекетіне жауапты екенін айтып отырудың артық етпесі анық. Бүгінде біз жас ұрпақты тәрбиелеп алсақ, болашақта жақсы жемісін береді деген сенімдеміз. Қазір мектептердің барлығында әкелер ұйымын құруды жоспарлап отырмыз. Бұл – Президенттің қадағалауындағы жұмыс. Оқу-ағарту министрі тамыз конференциясында мектеп директорларына әр мектепте отбасы құндылықтарын айтып, балаларды кішкентайынан тәрбиелейтін ұйымның болуын тапсырды, – дейді Астана қаласындағы Әкелер одағы қоғамдық қорының төрағасы Бекдайыр Күзембай.

Өзбекстанан келген маман әйел адамдардың өз құқығын қорғау мақсатында ауыл-аймақтағы нәзік жандыларды оқытып, кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндік берген.

Бізде әйел адамдардың құқығы ауыл-аймақтарда сақталмайды. Себебі ерте жастан тұрмыс құрған қыздарымыз білім алмай, жұмыс істемей, үйде отырып қалады. Осының салдарынан ер адамдарға бағынушылық, ерлерден өзін төмен санайтын сәттері болады. Осы оқылықтың орынын толтыру мақсатында әйелдерге білім беріп, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа көне бермей, өз құқығын қорғауға болатындығы жайлы түсіндірме, оқыту жұмысы жүргізіледі. Кәсіппен айналысқысы келетін қыз-келіншектерге арнап «Қара кәсіп» деп аталатын бағдарлама әзірледік. Осының нәтижесінде грант бөлініп, кәсіпкерлікпен айналысуға қолдау білдіреміз, – дейді "Ферган орталығының" директордың орынбасары Асилжон Муминов.