Қазақалтыннан 1,5 млрд теңгенің ұрлануы: Күдіктілер ұсталды

0
2 462

23 ақпанда "Қазақалтын" МК" АҚ өкілдері полицияға компанияның есепшотынан 1 миллиард 533 миллион теңгенің жымқырылғанын айтып, арызданды.


Қазақалтыннан 1,5 млрд теңгенің ұрлануы: Күдіктілер ұсталды

ERNUR.KZ. Ақмола облыстық полициясы "Қазақалтын" МК" АҚ-тан 1,5 млрд теңгенің ұрлануына қатысты күдіктілерді ұстады, деп жазады zakon.kz.

23 ақпанда "Қазақалтын" МК" АҚ өкілдері полицияға компанияның есепшотынан 1 миллиард 533 миллион теңгенің жымқырылғанын айтып, арызданды.

Бұл қылмысты ашу үшін криминалдық полиция мен тергеу бөлімдерінің тәжірибелі қызметкерлерінің арасынан жедел-тергеу жедел тобы құрылды. Бұл фактіге сәйкес, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 189-бабы, "Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ерекше көлемде иемдену немесе ысырап ету" бойынша сотқа дейінгі тергеуі басталды. Бұл бап жеті жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, деп хабарлады полициядағылар.

Кешенді іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтанда 26 ақпанда екі күдіктіні ұстады, оларға қатысты сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.

ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу органы тергеу шеңберінде келтірілген зиянды өтеуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда.

Тергеу мүдделеріне қатысты басқа ақпарат жария етуге жатпайды.