ҮБК-нің келесі отырысын 2022 жылғы мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласында өткізу жоспарланып отыр.
ERNUR.KZ. Кеше Үкімет басшысы Асқар Мамин бейнеконференция байланысы режимінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) Үкімет басшылары кеңесінің (ҮБК) отырысына қатысты, деп жазады sn.kz
Маңызды мәселелерге тоқталған Мамин ТМД елдерінің ұлттық экономикаларының дәйекті түрде қалпына келуін және дағдарысқа қарсыдан пандемиядан кейінгі даму күн тәртібіне көшуін атап өтті.
Сондай-ақ, АӨК өнімдерін бірлесіп өндіру және оны сыртқы нарықтарға шығару жұмысын күшейтуді ұсынды. Трансшекаралық хабтар мен көтерме-тарату орталықтарына сүйене отырып, Бірыңғай тауар өткізу желісінің әлеуетін іске асыру аталған жұмыстың маңызды бағыты болуы тиіс, бұл азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ТМД-ның барлық елдерінің экономикалық байланыстылығын арттыруға жол ашады.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің инновациялық ынтымақтастығының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекетаралық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары, 2022 жылы ТМД-да халық шығармашылығы мен мәдени мұра жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары, 2030 жылға дейінгі «1520 кеңістікте» теміржол көлігін стратегиялық дамыту тұжырымдамасы бекітілді.
Айта кетейік, 2022 жылы Қазақстан ТМД-ға төрағалық етеді. ҮБК-нің келесі отырысын 2022 жылғы мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласында өткізу жоспарланып отыр.