Қазақстан адам бостандығы индексінде 75-орынға тұрақтады

0
2 585

Адам бостандығы индексі екі негізгі компонентті қамтиды - жеке және экономикалық еркіндік.


Қазақстан адам бостандығы индексінде 75-орынға тұрақтады

ERNUR.KZ. Қазақстан адам бостандығы индексі бойынша әлемдегі 162 елдің ішінде 75-ші орынға тұрақтады. ҚР индексі - 6,99 болды, бұл көрсеткіш ЕАЭО-ға кіретін Армения мен Қырғызстанға қарағанда төмен, бірақ Беларусь пен Ресейге қарағанда жоғары. Ал жеке бас бостандығы бойынша рейтингіде 90-орында, экономика бойынша - 73-орында, деп жазады Tengrinews.kz.

Адам бостандығы индексі екі негізгі компонентті қамтиды - жеке және экономикалық еркіндік. Қазақстанда жеке бас бостандығы индексі - 6,85, экономикалық - 7,12. Рейтингідегі максимал индекс - 10, бұл елдегі адамдар толық еркін деген сөз, ал минимал - 0 - тиісінше, бостандығы жоқ елдер.

Бостандық индексі жоғары елдер рейтингіні бастап тұр - Жаңа Зеландия, Швейцария және Гонконг. Ал аяқтаған - 3,97 көрсеткішімен Сирия.



Бостандық индексі билік органдары адамдарды қаншалық шектейтінін немесе мәжбүрлейтінін көрсетеді. Елдердегі бұл индекс адам қызметінің он екі саласын көрсететін жеке, азаматтық, экономикалық бостандықтың 76 көрсеткіші негізінде есептеледі:

  • заңның үстемдігі,
  • қауіпсіздік,
  • қозғалыс еркіндігі,
  • дін бостандығы,
  • қауымдастықтар мен азаматтық қоғам бостандығы,
  • сөз және ақпарат бостандығы,
  • жеке басын және жеке қарым-қатынасын таңдау еркіндігі,
  • үкімет өлшемдері,
  • құқықтық жүйенің сапасы және меншік құқығын қорғау,
  • сенімді ақшаға қол жеткізу,
  • халықаралық сауда бостандығы,
  • бизнесті, еңбекті, несиелеуді реттеу.

Алғашқы жеті сала жеке бас бостандығы индексінде есепке алынады, осы индекс бойынша Қазақстан рейтингіде 90-орында. Соңғы бес сала экономикалық еркіндік индексінде ескеріледі, мұнда Қазақстан 73-орынды иеленді.

Жеке бас бостандығы индексі бойынша Қазақстанның қауіпсіздік бөлімінде және бірегейлік пен жеке қарым-қатынастарды таңдау еркіндігінде баға жаман емес - 10-нан 9, жүріп-тұру еркіндігі бойынша да - 10-нан 8,3.

Экономикалық еркіндік индексі бойынша баға төменірек. Осылайша, ақшаға қол жеткізу еркіндігі бойынша индекс - 8,8. Одан кейін бизнесті, еңбекті, несиелерді және үкімет көлемін реттеу еркіндігі тұр.