ЖБҚ өндірісінде Үлбі металлургия зауытында қайта өңделген Қазақстанда өндірілген уран шикізаты пайдаланылады.
ERNUR.KZ. Қазақстан Қытайдың атом электр станциясы үшін алғаш рет ядролық отын жеткізді, деп жазады sputnik.kz.
"Үлбі-ЖБҚ" ЖШС зауытынан (Қазақстан - Қытай бірлескен кәсіпорны) Қытайға AFA 3G ТМ дизайнындағы жаңа ядролық отын – жылу бөлетін құрамалардың (ЖБҚ) бірінші партиясы жеткізілді", - деп хабарлады "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы.
Бір қайта жүктеу көлеміндегі (30 тоннадан астам төмен байытылған уран) ЖБҚ орналастырылған 34 көліктік-орау контейнері бар теміржол платформалары мамандандырылған күзетпен бірге Қытайдағы атом электр станциясына жеткізіліп, түпкі тұтынушы – Қытайдың CGNPC-URC ядролық корпорациясы қабылдап алды.