Қазақстан азаматы Бішкекте оқушы қызды қағып кетті

0
1 217

Бірінші сынып оқушысы автобус аялдамасының жанында жолдың жиегінде тұрған.


Қазақстан азаматы Бішкекте оқушы қызды қағып кетті

ERNUR.KZ. Бішкекте Қазақстан азаматы үйіне қайтып бара жатқан оқушы қызды қағып кеткен, деп жазады nur.kz.

Қайғылы оқиға Бішкек-Қордай тас жолында, Ленинское елді мекенінде болған.

Бірінші сынып оқушысы автобус аялдамасының жанында жолдың жиегінде тұрған.

Белгісіз себептермен қазақстан азаматы тізгіндеген жүк көлігі қыз баланы қағып кеткен.

Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетпеген, қазіргі таңда ол тұтқындалған.

Кішкентай қыздың өмірін жалмаған апаттың себептерін жергілікті полиция өкілдері анықтап жатыр.