Қазақстан азаматы QIWI-әмиян арқылы сириялық лаңкестерді қаржыландырып келген

0
602

Мұндай электронды әмияндар басқа да қылмыс түрлерінде қолданылып келген.


Қазақстан азаматы QIWI-әмиян арқылы сириялық лаңкестерді қаржыландырып келген

ERNUR.KZ. Қаржылық мониторинг агентттігі Қазақстанда QIWI-әмиян арқылы Сириядағы лаңкестерді қаржыландырған азаматтың анықталғанын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Тергеу нәтижесінде азаматтың QIWI-әмиян арқылы шетелге ақша аударғаны анықталған.

"Айта кету керек, азаматтың күдікті аударымдары жайлы ақпарат QIWI компаниясынан келіп түсті. Бұл құқық қорғау органдарына жылдам әрекет етіп, қаржылық терроризмнің алдын алуға мүмкіндік берді", - деп мәлімдеді агенттіктегілер.

Мұндай электронды әмияндар басқа да қылмыс түрлерінде қолданылып келген.

Мәселен, қазақстандық азамат ғаламтор арқылы есірткіні жарнамалап, ақысын төлем терминалы арқылы қабылдаған. Сатушы 4 айдың ішінде 450 ақша аударымын қабылдап үлгерген.

Агенттік өкілдері елімізде қаржы операциясы жөнінде ақпараттар жинақтау жүйесінде тіркелмеген ұйымдар бар екенін де қосып өтті.