Қазақстан Әзербайжанға қару жеткізді деген сыбысқа жауап берілді

0
621

​Салалық министрлік әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та жарияланған Бакуге әскери көмек берілгені туралы хабарламаны жоққа шығарды.


Қазақстан Әзербайжанға қару жеткізді деген сыбысқа жауап берілді

ERNUR.KZ. Қазақстан Әзірбайжанға қару-жарақ жеткізуге ниет білдірмеген. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

StopFake.kz порталының мәліметінше, кейбір интернет сайттар мен әлеуметтік желілерде Қазақстан Әзербайжанға қару-жарақ жеткізе бастағаны туралы ақпарат жарияланған.


"Бұл мәлімдеме – жалған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарламаны ресми түрде жоққа шығарды. Қазақстан елдің әлемдік қауымдастық алдындағы барлық міндеттемесін сақтайды және басқа елдерге қару-жарақ жеткізуге ниетті емес. Мақалада көрсетілген мәлімет шындыққа жанаспайды және ешқандай негізі жоқ", - делінген ведомствоның хабарламасында.


Министрлік сонымен қатар 2020 жылдың 2-3 қарашасы аралығында Silk Way West Airlines әуе компаниясы Нұр-Сұлтан мен Баку арасындағы рейстерді жасамағанын атап өтті.

Индустрия министрлігі Қазақстан азаматтарын ресми ақпарат пен тексерілген дереккөздерге ғана сенуге шақырды.