Елде террористік және экстремистік бағытта жасалған заңбұзушылықтар 20 процентке артқан.
ERNUR.KZ. Қазақстан бейбіт елдер рейтингінде биыл 163 мемлекеттің ішінде 67-орыннан көрінді, деп жазады 24.kz.
Мұндай мәліметті Финпром сайты жариялады. Елде террористік және экстремистік бағытта жасалған заңбұзушылықтар 20 процентке артқан.
Қаңтар айынан бері 139 жағдай тіркелді. Олардың дені – Түркістан облысында. Жамбыл мен Шымкентте де қылмыстың мұндай түрі тыйылмай тұр.