Қазақстан білім беру саласы бойынша ең үздік елдер қатарына кірді

0
958

Рейтингке қатысатын ТМД елдері ішінде Қазақстан тек Өзбекстанды басып озды.


Қазақстан білім беру саласы бойынша ең үздік елдер қатарына кірді

ERNUR.KZ. US News & World Report нұсқасы бойынша білім беру саласындағы үздік елдер рейтингінде Қазақстан 78 елдің ішінен 71-орынды иеленді. Ranking.kz сарапшылары білім беру саласындағы жұмыспен қамту деңгейін және мұғалімдердің жалақыларын салысытырып көрді, деп жазады Tengrinews.kz.

Сарапшылар пікірінше, рейтинг көшбасшылары АҚШ, Ұлыбритания және Германия болды. Білім беру саласы бойынша рейтингте Гватемала - ең соңғы. Рейтингке қатысатын ТМД елдері ішінде Қазақстан тек Өзбекстанды басып озды. Ресей, Украина, Беларусь және Әзірбайжан Қазақстаннан алда болды.

2021 жылдың төртінші тоқсанында білім беру саласы қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 219,2 мың теңге болды, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 24,2 пайызға артық. Алайда жалақы бір жыл ішінде тек 14,3 пайызға өсті.

Қазақстанда орташа айлық жалақы 275,6 мың теңгеге жетті, бұл білім беру саласына қарағанда 25,7 пайызға артық.

Сектордағы ең жоғары жалақыны жоғары оқу орны қызметкерлері (299 мың теңге), ең төмен жалақыны мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлері (112,6 мың теңге) алады.

Орта білім беру секторында қызметкерлер 246,9 мың теңге, қосалқы білім беру саласында 203,7 мың теңге, бастауыш білім беру мекемелерінде 180,1 мың теңге, білім берудің өзге де түрлерінде - 175,4 мың теңге алады.

Өңірлер бойынша ең көп жалақы алатын елорда қызметкерлері: 344,5 мың теңге - бір жыл бұрынғыға қарағанда 15,7 пайызға артық. Көшбасшылар үштігіне Алматы (265,4 мың теңге) және Алматы облысы (247,4 мың теңге) кірді. Батыс Қазақстан облысында білім беру қызметкерлерінің жалақысы ең аз - 181,7 мың теңге алады.

Былтыр төртінші тоқсанда секторда 1,1 миллион адам жұмыс істеді, бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда бір пайызға көп.

Білім беру саласында жұмыспен қамтылғандардың көпшілігі Түркістан облысында - 142,9 мың адам, жылдық өсім - 3,2 пайызға тіркелген. Көшбасшы өңірлер үштігіне Алматы облысы (128,6 мың адам) және Алматы (91,2 мың адам) кірді.

Жұмыспен қамтылғандардың ең азы Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді, жалпы саны - 35,2 мың адам.