Қазақстан Германияға 90 мың тонна мұнай экспорттады

0
495

Келісімдерге сәйкес, бұл көлем ұлғаяды.


Қазақстан Германияға 90 мың тонна мұнай экспорттады

ERNUR.KZ. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.

«Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырымен Қазақстан мұнайын экспорттау бойынша уағдаластықтар бар. Баку-Супса бағыты бойынша мұнай тасымалдау мүмкіндіктері айтылып жатыр. Сондай-ақ, біз бұқаралық ақпарат құралдарына Қазақстанның Германияға «Дружба» құбыры арқылы мұнай жеткізуді бастағанын айтқан болатынбыз», - деді Алмасадам Сәтқалиев тілшілер сауалына орай.

Министр бұл жөнелтілімдер қазақстандық мұнайдың транзиті туралы бұрын жасалған шарттарға сәйкес жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Пилоттық көлем, шамамен 90 мың тоннасы жөнелтілді. Келісімдерге сәйкес, бұл көлем ұлғаяды», - деді ведомсвто басшысы.

Айта кетейік, бұдан бұрын «Дружба» мұнай құбырының бір бөлігі жұмысын тоқтатқаны хабарланған.