Қазақстан кедейленіп барады: табысы күнкөрісіне жетпейтіндер саны 20 пайызға көбейді

0
1 338

Бірақ Қазақстандағы ең бай адамдардың саны 33 пайызға өседі деп болжануда.


Қазақстан кедейленіп барады: табысы күнкөрісіне жетпейтіндер саны 20 пайызға көбейді

иллюстрациялық фото

2020 жылдың төртінші тоқсанда табысы төменгі күнкөріс деңгейінен аз отбасылар саны бір жыл ішінде 12%-ке, 140,6 мыңға дейін өскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ Finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Соңғы жылдары пессимистік көрсеткіш өсуде, дейді сарапшылар. Бұл ретте елдегі ең кедей отбасылардың ішінде 4,6 мыңының (жылына 49,5 пайызды қосқанда) кірісі азық-түлік себетінің құнынан да төмен. Мұндай үй шаруашылығында 28 мыңнан астам адам тұрады (бірден жылына 84,2 пайыз).



Өңірлер бойынша табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың 19,9% Түркістан облысында тұрады. Аймақта 27,9 мың отбасының табысы күнкөрісіне жетпейді. Үштікке Алматы (15,5 мың отбасы, 2019 жылға қарағанда 2,8 есе көп) және Шығыс Қазақстан облысы (11,6 мың отбасы, 2,2%) кірді.

Алайда табысы күнкөріс деңгейінен төмен халық саны өсіп жатқанда, Қазақстан АҚШ-ты басып озып, ең бай адамдардың санының өсімі бойынша әлемдегі алғашқы 10 елдің қатарына кірді.

Statista.com сайтының мәліметіне сүйенсек, коронавирус пандемияcына қарамастан әлем бойынша супер-бай адамдардың саны артқан. Сондай-ақ Қазақстандағы ең бай адамдардың саны 33 пайызға өседі деп болжануда.