Қазақстан қазан айының ортасына дейін 16 халықаралық рейсті қысқартады

0
537

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықаралық әуе рейстерін шектеуді ұсынған болатын.


Қазақстан қазан айының ортасына дейін 16 халықаралық рейсті қысқартады

ERNUR.KZ. Қазан айының ортасына дейін Қазақстан 16 халықаралық рейсті қысқартады, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов айтып берді.

«Әуе рейстерін қысқарту мәселесі қазір талқыланып жатыр. Қазір курорттық маусым аяқталып келеді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен курорттық қалаларға ұшатын рейстер бойынша қысқарту кестесі әзірленді. Менің ше бұл біздің азаматтарымызға қолайсыздық тудырмайды, өйткені ол жақта да күн суып, маусым жабылып жатыр. Қазан айының ортасына дейін 16 рейсті қысқарту жоспарланған. Әрі қарай, эпидемиологиялық жағдайға қарай шешім қабылдаймыз», - деп жауап берді Е. Қиясов ҚазАқпарат тілшісінің сұрағына.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықаралық әуе рейстерін шектеуді ұсынған болатын.

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен қазанның 5-інен 6-сына қараған түні әуежайлар халықаралық рейс жолаушыларын жаңа ережеде қабылдай бастайды. Жолаушыларға сауалнама, термометрия және ПТР анықтама міндеттеледі.

Осы орайда астаналық әуежай жаңа күшейтілген талаптарда қалай жұмыс істейтінін көрсетті.

Сонымен бірге, бас санитарлық дәрігер кинотеатрлардың жұмысын жандандыру жөнінде пікір білдірді.