"Қазақстан Ливияға жасырын қару-жарақ жеткізуге қатысты" – БҰҰ

0
801

Мұны екі қазақстандық әуекомпания жүзеге асырған.


Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Қазақстан маршал Халифа Хафтарды қолдау мақсатында Ливияға әуе жолдары арқылы жасырын қару-жарақ тасымалын ұйымдастыруға қатысты деп жазады Azattyq Rýhy.

Бұл туралы осы айда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде баяндама жасаған екі дипломаттың құпия есебінде айтылған.

Халықаралық ұйым БҰҰ-ның Ливияға қарсы санкцияларына қарамастан, қаңтардың басында осы елге 37 рейс жасалғанын мәлімдеп, тергеу жүргізіп жатыр.

«Сарапшылар тобы Біріккен Араб Әмірліктерінен және олардың авиабазасынан Эритридағы Хафтар басқаратын аэродромдарға құпия рейстер санының көбеюін анықтады»,- делінген хабарламада.

Баяндамадан үзінділер Bloomberg журналистерінің қолына түскен. Дипломаттардың айтуынша, бұл рейстердің кейбірін екі қазақстандық әуекомпания жүзеге асырған, олар үлкен көлемдегі қару-жарақты тасымалдаған.

«Рейстер АҚШ-тың, Қазақстан мен Британияда тіркелген компанияларының әскери желісі арқылы жүзеге асырылды», - дейді дипломаттар.

Еске салсақ, 2011 жылы Ливия лидері Муаммар Каддафидің биліктен кетуі мен өлімінен кейін Ливияда қос билік құрылды. Халық сайлаған парламент шығыста, ал батыста - Файез Сарраж басқаратын БҰҰ мен Еуропалық Одақтың қолдауымен құрылған Өтпелі ұлттық кеңес отырады. Елдің шығыс бөлігінің билігі Триполиге тәуелсіз және Ливияның ұлттық әскерімен ынтымақтасады. Халифа Хафтар 2019 жылдың сәуірінен бері Триполиді басып алуға әркет етіп жатыр.