Қазақстан медицина сапасы жағынан әлем бойынша 82-ші орында

0
475

ТМД елдерінде жан басына шаққандағы денсаулық сақтау шығындары төмен.


Қазақстан медицина сапасы жағынан әлем бойынша 82-ші орында

ERNUR.KZ. Сапалы қолжетімді медицина - бірқатар елдердің өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан БҰҰ Бас Ассамблеясы 2015 жылы бүкіл адамзат үшін теңдік пен жақсы болашаққа қол жеткізу жолында өзара байланысты 17 мақсаттың жиынтығын қабылдады. Солардың бірі - салауатты өмір салтын ұстану және кез-келген жастағы барлық адамдардың денсаулығына ықпал ету, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде табысы төмен және орташа елдерде жыл сайын болатын 5,7 миллионнан 8,4 миллионға дейін өлім-жітім сапасыз медицинаға тікелей байланысты.

Бүкіл әлемде сапалы медициналық көмекті қамтамасыз ететін қажетті әрі негізгі құрылымдар талапқа сәйкес келмейді. Әрбір сегізінші медициналық мекемеде сумен жабдықтау қызметтері, әрбір бесінші мекемеде санитарлық - гигиеналық қызметтер, әрбір алтыншы мекемеде медициналық көмек көрсету орындарында қол гигиенасына арналған құралдар жоқ.

«Ceoworld» журналының мәліметі бойынша, инфрақұрылымды, медицина қызметкерлерінің құзіретін, медициналық қызметтердің құны мен сапасын және мемлекеттік аппараттың дайындығын ескере отырып, әлемдегі ең жақсы денсаулық сақтау жүйесі Оңтүстік Корея, Тайвань және Дания елдерінде бар деп танылған.

ТМД елдерінің арасында зерттеу бойынша Беларусь (89 елден 57-ші орын), Ресей (58-ші орын), Украина (81-ші орын), Қазақстан (82-ші орын) және Әзербайжан (86-шы орын) иеленеді. Рейтингтегі негізгі көрсеткіштерге сәйкес ТМД елдері көптеген мемлекеттерден айтарлықтай төмен және олардың ешқайсысы көшбасшылыққа үміткер емес.

Сапалы медицинаны құру қаржыландыруға тікелей байланысты. Секторды лайықты қаржыландыру барлық елдер үшін басты міндет болып қала береді.

Worldbank мәліметтері бойынша, соңғы бірнеше жылда әлемде денсаулық сақтау шығындары жаһандық ЖІӨ-нің 9,1% -9,8%-ын құрайды.

ТМД елдері арасында әлемдік орташа мәннен жоғары көрсеткіш тек Арменияда байқалады: елдің ЖІӨ-нің 11,3%. Украина мен Тәжікстанда секторды дамытуға жұмсалатын шығындар 7,1%, Түркіменстанда - 6,6%, Молдовада - 6,4%, Беларуссияда - 5,9%, Ресей мен Өзбекстанда - 5,6%, Қырғызстанда - 4,5%, Қазақстанда - 2,8%-ды ғана құрайды.

Қазіргі уақытта жан басына шаққандағы денсаулық сақтауға арналған шығындар орта есеппен 1,1 мың долларды құрайды. Басқаларға қарағанда АҚШ әр азаматына көп ақша жұмсайды және еуропа елдерінің көп бөлігінде: Швейцария, Норвегия, Люксембург, Дания, Швеция, Германия елдері тұрғындардың денсаулығына қомақты қаржы жұмсайды.

ТМД елдерінде жан басына шаққандағы денсаулық сақтау шығындары әлдеқайда төмен. Мәселен, Ресейде бұл көрсеткіш тек 653,4 долларды құрайды. Арменияда - 524 доллар, Түркіменстанда - 500 доллар, Беларуссияда-399,4 АҚШ доллары, Молдовада - 2 284,3 доллар, Қазақстанда-273 АҚШ доллар, Өзбекстанда - 98,6 доллар, Қырғызстанда - 62,1 доллар және Тәжікстанда тек - 61,9 АҚШ доллары жұмсалған.