Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 1 млрд долларға дейін ұлғаяды

0
394

Тоқаев шағын құрамдағы кездесуге өте риза екенін жеткізді.


Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 1 млрд долларға дейін ұлғаяды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Бакуде кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Ақордаға сілтеме жасап.

Тоқаев Әзербайжанға екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығару үшін арнайы миссиямен келгенін айтты. Қазақстан президенті екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
"Кейінгі жылдары тауар айналымының айтарлықтай, үш есеге жуық өскеніне қуаныштымын. Бірақ бұл, әрине, жайбарақат жүруге негіз емес екенін атап өткім келеді. Сауданы арттыруға мүмкіндіктер бар деп есептеймін. Біздің үкіметтеріміз жақын арада елдеріміз арасындағы тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін ұлғайту үшін жұмыс істеуі керек", – деді Тоқаев.
Сондай-ақ Қазақстан президенті гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудың қолайлы перспективаларына назар аударды.
"Менің ойымша, келесі жылы екі ел үкіметтері арасындағы келісім бойынша біз Қазақстанда Әзербайжан мәдениетінің онкүндігін өткізе аламыз. Сіздің еліңіздің мәдениеттіне үлкен қызығушылық бар. Біз әзербайжан мәдениетінің көрнекті өкілдерін өз елімізде үлкен ілтипатпен қабылдаймыз", - деді мемлекет басшысы.
Тоқаев шағын құрамдағы кездесуге өте риза екенін жеткізді.
"Қазақстан мен Әзербайжан – жақын мемлекеттер, біз стратегиялық серіктеспіз және одақтаспыз. Бүгін елдеріміз арасындағы стратегиялық қатынастарды нығайту және одақтастық өзара іс-қимылды тереңдету туралы Декларацияға қол қойылады", – деді ол.
Айта кетері, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 24 тамыз ресми сапармен Бакуге барды. Бұл Тоқаевтың Қазақстан президенті ретінде Әзербайжанға жасаған алғашқы ресми сапары.