Қазақстан мен Әзербайжан Каспий түбі арқылы кабель жүргізеді

0
502

Самарқандта ICT Week Uzbekistan 2022 іс-шарасы аясында қазақстандық делегацияның кездесулері өтіп жатыр.


Қазақстан мен Әзербайжан Каспий түбі арқылы кабель жүргізеді

ERNUR.KZ. 2023 жылы Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізі арқылы талшықты-оптикалық байланыс желісін тартады, деп жазады tengrinews.kz.

Самарқандта ICT Week Uzbekistan 2022 іс-шарасы аясында қазақстандық делегацияның кездесулері өтіп жатыр. Шаралардың бірінде Орталық Азиядағы ТОБЖ құрылысының жобасы таныстырылды.

"2023 жылы Қазақстан-Әзербайжан бағыты бойынша Каспий түбі арқылы талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысы басталады. Жоба Орталық Азия елдеріне Интернетке баламалы қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ Еуропа мен Азия арасындағы трафик транзитін кеңейтуге мүмкіндік береді", - деп жазды цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook-парақшасында.

Қазақстан тарапынан жобаның серіктесі Қазақтелеком, Әзербайжан тарапынан - Аzertelekom компаниясы болады.

"Қазірдің өзінде жобаның дизайнын (HLD) әзірлеу жұмыстары басталды, содан кейін тиісті зерттеулер, кейінірек - Каспий түбіндегі "оптиканы" жобалау және салу жүзеге асады. Су асты желісінің негізгі бағыты Ақтаудан Әзербайжанның Сиазань қаласына дейін өтеді және 340 шақырымды қамтиды, ұзындығы 330 шақырымға жуық резервтік канал Баку маңындағы қазақстандық Құрық портынан Әзербайжанның Бузовна елді мекеніне дейін салынады", - деп жазды министр.

Орталық Азияның барлық елі жобаны жақын арада іске асыруға мүдделі, өйткені баламалы маршруттардың болуы біздің елдеріміздің тұрғындарына Интернетке кепілдендірілген қолжетімділікті қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады, дейді Бағдат Мусин.