Қаржылық мониторинг агенттігі жаһандық "жылстатуға қарсы" қоғамдастықтың жауапты қатысушысы ретінде Қазақстанның имиджін нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
Фото: egemen.kz
Қаржылық мониторинг агенттігінде Хамид Әл Зааби бастаған БАӘ кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі атқарушы офис делегациясының сапары басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кездесу барысында тараптар қылмыстық кірістерді жылыстатуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықтың мәселелерін талқылады.
Кездесуге қатысушылар ұлттық тәуекелдерді бағалау процестерін цифрландыру және виртуалды активтерді заңсыз пайдалануды анықтау әдістері туралы пікір алмасты.
Сондай-ақ, тараптар есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, кәсіби қаржы жылыстатушылар және заңсыз шығарылған капиталды қайтару мәселелерін талқылады.
БАӘ әріптестермен қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі сертификатталған мамандар қауымдастығында (ACAMS) Қазақстанның "жылстатуға қарсы іс-қимыл" жүйесіне қатысушылардың кәсіби деңгейін арттыруға жәрдемдесу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Тараптар ведомствоаралық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтіп, оны одан әрі дамытуға ұмтылыстарын білдірді.
Еске сала кетейік, өткен жылдың маусым айында Қазақстан өзара бағалаудың екінші кезеңінен сәтті өтіп, стандартты мониторингке шықты.
Ағымдағы жылы ҚМА цифрлық активтердің тәуекелдері мәселелері бойынша FATF байланыс тобына кірді, бұл Қазақстанға өз тәжірибесіне сүйене отырып, криптовалюталарды пайдаланумен құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың тиімді шешімдерін ұсынуға мүмкіндік берді.